Меню KDT

Новости

Облыс педагогтарына арналған «IT-Ūstaz 2024» облыстық байқауының қорытындысы

«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 5 ақпаннан 15 сәуірге дейін облыс педагогтары арасында «IT-Ūstaz 2024» облыстық байқауын өткізді.

Байқау оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының перспективалық бағыттарын әзірлеу саласында орта білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлердің инновациялық әлеуетін анықтау, педагогтардың цифрлық ойлауын қалыптастыру, IT-бағыттарды енгізу режимінде жұмыс істейтін мұғалімдердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді.

«IT-Ūstaz 2024» облыстық байқауына 18 жұмыс ұсынылды. Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын – Болат Аманжол Болатұлы, Өскемен қаласы, «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ-ның робототехника пәні мұғалімі.

Екінші орын – Семенюк Иван Евгеньевич, Алтай ауданы, «Октябрьск орта мектебі» КММ-ның информатика пәні мұғалімі.

Үшінші орын – Соколов Алексей Викторович, Глубокий ауданы, «Уварово орта мектебі» КММ-ның информатика пәні мұғалімі.

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Педагогтарға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!



Просмотров: 30

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда24
  • Осы аптада7
  • Кеше0
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки