Меню KDT

Новости

«Оқушылардың тарих пәні бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру тәжірибелік онлайн семинардың баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен 2024 жылғы 16 сәуірде жылдық жоспарына сәйкес «Оқушылардың тарих пәні бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәнінің жас мұғалімдерімен қазақ және орыс тілінде тәжірибелік онлайн семинар өткізеді.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.

Әдістемелік тәжірибелік семинардың мақсаты: - оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жоба жұмыстарын сауатты әрі ғылыми тұрғыдан тиімді ұйымдастыруда жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

Өтетін күні: 2024 жыл16 сәуір

Өткізу уақыты-сағ. 16.00-17.30

Өткізу нысаны:онлайн

Модератор –Абраимова Бахыт Касеновна қоғамдық гуманитарлық бағыты пәндері әдістемелік бөлімінің әдіскері 87017677658.



Просмотров: 50

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда24
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки