Меню KDT

Новости

Республикалық комиссия мүшелерінің Шығыс Қазақстан облысындағы адамдарды уақытша орналастыру орындарын аралауы туралы

2024 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі А. Уразова, Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е.Дауенов құрамындағы республикалық комиссия Өскемен қаласындағы Л.Гумилев атындағы №38 гимназия, негізгі мектеп-интернат, Глубокое ауданының О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі, Уварова орта мектебі базасындағы адамдарды уақытша орналастыру пункттерін аралады. Аралау барысында комиссия мүшелерін педагогикалық ұжымның ұйымдастырушылық жұмыстарымен танысты. Мектептің қызметкерлері арасында жауапты тұлғалар тағайындалған, әр адамның өз қызметі бар: эвакуацияланған адамдарды қабылдайды, тіркейді және орналастырады. Медициналық көмекті мектептің медициналық қызметкері көрсетеді.
Ауданның, қаланың барлық қызметі уақытша орналастыру пункттеріндегі адамдардың осы пункттер аумағында жайлы орналасуларын қамтамасыз етуге жұмылдырылған. ТЖД, әкімдіктер, учаскелік полиция және де басқа да қызмет қызметкерлері үнемі байланыста жұмыс жасайды.

Просмотров: 49

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда24
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки