«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 5 ақпаннан 15 сәуірге дейін облыс педагогтары арасында «IT-Ūstaz 2024» облыстық байқауын өткізді.
Байқау оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының перспективалық бағыттарын әзірлеу саласында орта білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлердің инновациялық әлеуетін анықтау, педагогтардың цифрлық ойлауын қалыптастыру, IT-бағыттарды енгізу режимінде жұмыс істейтін мұғалімдердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді.
«IT-Ūstaz 2024» облыстық байқауына 18 жұмыс ұсынылды. Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын – Болат Аманжол Болатұлы, Өскемен қаласы, «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ-ның робототехника пәні мұғалімі.
Екінші орын – Семенюк Иван Евгеньевич, Алтай ауданы, «Октябрьск орта мектебі» КММ-ның информатика пәні мұғалімі.
Үшінші орын – Соколов Алексей Викторович, Глубокий ауданы, «Уварово орта мектебі» КММ-ның информатика пәні мұғалімі.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Педагогтарға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!