Меню KDT

Новости

Шығыс Қазақстан облысындағы «Starlink» алғашқы қадамдары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-мен «Starlink» геостационарлық емес байланыс жүйесі негізінде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша шартқа қол қойды.

Шығыс Қазақстан облысында «Starlink» спутниктік Интернетін орнату басталды. Облыс бойынша жоспарланған 170 мектептің 162-де «Starlink» жүйесі арқылы Интернет желісіне қосылу жоспарлануда, өйткені 8 мектепте интернет талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) арқылы жеткізіліп қосылған.

Бүгінгі таңда «Starlink» жүйесінің бір жиынтығы Үлкен Нарын ауданы Сенное ауылының «Сенновская негізгі орта мектебі» КММ-де орнатылған.

Облыс мектептерінде «Starlink» қондырғысын 2024 жылдың мамыр айының ортасына дейін қолайсыз ауа райы жағдайлары (нөсер жаңбыр, су тасқыны және т.б.) әсер етпеген жағдайда аяқтау жоспарлануда.



Просмотров: 106

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда34
  • Осы аптада12
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки